РГП на ПХВ "РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ЦЕНТР ЭЛЕКТРОННОГО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ" МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
  • 2020-12-23 06:00:51
img

Сіздер білесіздер ме?

2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында ақпараттық жүйелерді интеграциялау, мобильді сандық қосымшаларды пайдалану, электрондық денсаулық төлқұжаттарын енгізу және "қағазсыз" ауруханаларға көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. Мемлекет Басшысының тапсырмаларын ескере отырып, Министрлік сарапшылармен, бизнес қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп денсаулық сақтауды цифрландырудың жаңа тәсілдерін әзірледі.

Қазақстан Республикасында патронажды жүйенің жаңа моделінің енгізілуіне байланысты патронажды медбикелердің нысандарды толтыруда қызметін жеңілдететін, мәліметтер жоғалуының қәупін төмендететін мобильді сандық қосымшаны дайындау қажеттілігі туындады.  Осыған орай Қазақстан Республикасының Министрлігі «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК-мен және Қазақстан Республикасындаға БҰҰ балалар қорымен бірігіп 2017 жылы «Патронаж мейірбикесі» мобильді қосымшасын дайындауға кірісті.

Осылайша «Патронаж мейірбикесі» мобильді қосымшасы пайда болды. Бұл қосымша мейірбикенің патронажы кезінде ана мен баланың медициналық тарихтары бойынша мәліметтерді жинауға және сақтауға арналған.

«Патронаж мейірбикесі» мобильді қосымшасы келесі мәселелерді шешеді:

  1. Керекті медициналық ақпаратты ортақ сақтау.
  2. Жұмыстың "қағазсыз" түріне көшу.
  3. Есептерді нақты уақытта қабылдау.
  4. 24/7 тәртібімен онлайн қолжетімділік.

«Патронаж мейірбикесі» мобильді қосымшасы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің ақпараттық жүйелерімен біріктірілген, яғни, емделушілелердің негізгі мәліметтері қосымшада сақталған, сондықтан мейібикеге бұл мәліметтерді әрдайым енгізу қажет емес. Біріншіден, бұл өте ыңғайлы, екіншіден, жұмыс уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, үшіншіден, қате мәліметтерді енгізу қаупін төмендетеді. Мейірбике үй жағдайында емделушіні қарап, жауап алып, қосымшаға енгізген уақытта дәрігер жұмыс орнында онлайн тәртібінде бұл мәліметтерді көріп, есеп дайындап, керекті шараларды қолданады. Егер емделуші қаралған жерде интернет желісі болмаған жағдайда, қосымша енгізілген мәліметтерді сақтап алады да, интернет желісіне қосылған кезде автоматты түрде барлық мәліметтерді көшіріп алады. Емделуші қаралғаннан кейін, мобильді қосымша, салынған арнайы алгоритмдер негізінде  автоматты түрде болжамды қауіптердің есебін жасайды.

«Патронаж мейірбикесі» мобильді қосымшасына кіргеннен кейін дәрігерлер мен мейірбикелер үшін нұсқаулық берілген. Сонымен қатар, медициналық ұйымдардың қызметкерлерін оқыту қарастырылған. Мобильді қосымшаны Google Play Market тегін жүктеп алуға болады.

Обратная связь
WEB-программист